Әлем

Пәкістан билігі Дональд Трампты Нобель сыйлығына ұсынды

18:19, 21 маусым 2025 14

Пәкістанның Сыртқы істер министрлігі бұрынғы АҚШ президенті Дональд Трампты 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынды. Бұл туралы ведомство ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Кұжат кіріспесінде Трамптың 2024 жылғы Үндістан және Пәкістан арасындағы дағдарыс кезінде атқарған рөлі жоғары бағаланды. Ол күш салған дипломатиялық келіссөздер арқылы қақтығыстың таралуын болдырмаған деп айтылды .

Министрлік Трамптың бейбіт жолмен шешім табуға ұмтылысы мен Кашмир мәселесінде арағайындыққа белсенді атсалысуын атап өтті. Сонымен бірге оның Газа секторындағы және Таяу Шығыстағы гуманитарлық-дипломатиялық бастамалары да ерекше көрсетілген .

Пәкістан СІМ басшылығы бұл бастаманың халықаралық бейбітшілікті нығайтудағы нәтижелі әрекет деп санайтынын жеткізді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз