$ 462.91
 542.16
 6.16

Медбикелерге рецепт жазуға рұқсат берілмек

Редактор
13.05.2025, 16:22
Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Денсаулық сақтау министрлігі осыған байланысты заң жобасын әзірлеп жатыр

Медбикелерге рецепт жазуға рұқсат берілуі мүмкін, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Елімізде медбикелерге кейбір дәрі-дәрмектерді тағайындауға рұқсат беру мәселесі қарастырылып жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігі осыған байланысты заң жобасын әзірлеп жатыр. Мақсат – медициналық көмекті әсіресе ауыл-аймақтарда қолжетімді ету.

Жаңа ереже қабылданған жағдайда медбикелер қарапайым дәрілерге рецепт жазып, науқастарға жедел көмек көрсете алады.