Спорт

Марафондағы адам өлімі: Министрлік спорттық шараларға қойылатын талаптарды күшейтеді

11:13, 21 сәуір 2025 78

Алматы қаласында өткен жартылай марафон кезінде екі қатысушының қаза табуына байланысты толыққанды тексеріс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов айтты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Оның айтуынша, қатысушылардың денсаулық жағдайы, жарысты ұйымдастыру тәртібі, медициналық қамтамасыз ету деңгейі мен қауіпсіздік регламенті жан-жақты сарапталады.

Жергілікті атқарушы органдар өткізетін мұндай шараларға талапты күшейтеміз. Бұқаралық спорт қауіпсіз әрі кәсіби деңгейде ұйымдастырылуға тиіс, – деді Ербол Мырзабосынов.

Сондай-ақ ведомство басшысы Туризм және спорт министрлігі бұл бағытта нақты ұсыныстар әзірлеп, тиісті құрылымдарға жолдайтынын мәлімдеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда Almaty Half Marathon кезінде екі қатысушы жарыс кезінде көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз