$ 447.73
€ 502.98
₽ 5.35

Айтыс ақындары тұңғыштар мекенінің бай тарихын жырға қосты

Редактор
03.10.2026, 12:45
дереккөз
дереккөз
5 жұптың өнері көрермен көңілінен шықты

Бөкей хандығының 225 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Егер Бөкей көшпесе...» атты республикалық ақындар айтысы аяқталды. Оған от ауызды, орақ тілді 10 ақын қатысты, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Атап айтқанда, қостанайлық Айбек Қалиев, түркістандық Бекарыс Шойбеков пен Нұрмахан Жақыпбек, қызылордалық Мұхтар Ниязов, ақтөбелік Жұлдыз Қожабекова, шымкенттік Қажымұқан Абзалов, батысқазақстандық Жансая Мусина, Айнабек Бисенғалиев, Талғат Мықи және Бауыржан Ширмединұлы сөз сайыстырды. 

5 жұптың өнері көрермен көңілінен шықты. Ақындар кезінде қазақ даласындағы өркениет ордасы болған тұңғыштар мекенінің тарихы мен ел өміріндегі маңызын жырына арқау етті. Үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязовтың «Тарихты оқытатын аудан көп қой, Көзіңе көрсететін Орда ғана» деген оймақтай орамы қасиетті өлкенің бай шежіресі мен мерейтойлық іс-шаралардың мазмұнын дөп басты. 

Ұйымдастыру алқасының ұйғарымымен бұл жолғы айтыс жолдастық кездесу ретінде өткізілді. Барлық ақынға 750 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлық табысталды.