$ 441.91
€ 499.05
₽ 5.3

12 жыл күткен алтын: Төрехан Сабырхан Азия ойындарының чемпионы атанды

Редактор
02.10.2026, 15:31
әлеуметтік желіден
әлеуметтік желіден
Қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Жапонияның Айти-Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды. Ол ел қоржынына оныншы алтын медальді салды, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

 

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Төрехан Сабырхан финалда иорданиялық Зейяд Ишаишпен жұдырықтасты. Қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұл – қазақстандық боксшылардың соңғы 12 жылда Азия ойындарында жеңіп алған алғашқы алтын медалі. Қазақстан құрамасы бокстан соңғы рет 2014 жылы Инчхонда өткен Азиадада алтын жүлдеге ие болған еді.