$ 441.91
€ 499.05
₽ 5.3

Белгілі қазақстандық журналист Индира Жылқайдарова қайтыс болды

Редактор
02.10.2026, 15:29
әлеуметтік желіден
әлеуметтік желіден
Индира Орынбайқызы өз ісіне адалдығымен әріптестерінің құрметіне бөленді

Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі журналист Индира Жылқайдарованың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына, жақындары мен әріптестеріне көңіл айтты, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Жазба 2026 жылғы 2 қазанда ведомствоның Telegram-арнасында жарияланды.

Индира Орынбайқызы 2015 жылдан бастап "Хабар" агенттігінде еңбек етіп, соңғы жылдары "Хабар" телеарнасының "Жеті күн" бағдарламасында редактор-талдаушы қызметін атқарды.

Ол парламенттік журналистикаға, қоғамдық-саяси мәселелер мен еліміздің заң шығару үдерісін ақпараттық тұрғыдан жария етуге айрықша ден қойды. Ел өміріндегі маңызды оқиғаларды терең талдап, өзекті мәселелерді көрерменге жедел әрі шынайы жеткізуге үлес қосты.

Индира Орынбайқызы өз ісіне адалдығымен әріптестерінің құрметіне бөленді. Оның журналистика саласындағы еңбегі кәсіби байқауларда да жоғары бағаланды.