Астана қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ақпаратқа сәйкес сот 14 жастағы К. психоневрологиялық диспансерде есепте бола тұрып, 2025 жылғы 11 ақпанда тұрғын үй кешенінің лифтінде болған кезде кәмелетке толмаған адамға, яғни Е.-нің денесіне зақым келтіріп, оның бетіне пышақпен жарақат салған.
Сот психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес жасөспірім созылмалы психикалық аурудың салдарынан, әрекет кезеңінде өзінің іс-қимылының нақты сипаты мен әлеуметтік қауіптілігін түсінбеген және оларды басқара алмаған, психикалық жағдайы бойынша өзіне және қоғамға қауіп төндіргенін анықтады.
Ол мәжбүрлеп емдеуді қажет етеді.
ҚК 16-бабының талаптарына сәйкес, қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған уақытта есі дұрыс емес күйде болған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Есі дұрыс емес деп танылған адамға сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдана алады. Сот қаулысына сәйкес, К.-ге Талғар ауданы Ақтас ауылындағы қарқынды бақыланатын мамандандырылған үлгідегі мекемеде стационарлық мәжбүрлеп емдеу тағайындалды, – дел3нген хабарламада.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.