$ 489.31
 568.33
 6.63

Кейінгі жылдарды Еліміз үшін тарихи бетбұрыс кезеңі деуге толық негіз бар – Тоқаев

Редактор
04.06.2026, 15:49
Ақорда
Ақорда
 Қастерлі рәміздеріміз – ұлт құндылықтарының жарқын символы. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, Ту, Елтаңба және Әнұранның ұлттық құндылықтар мен мемлекеттіліктің басты белгілері екенін атап өтті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Президенттің айтуынша, Мемлекеттік рәміздер күні – әрбір қазақстандық үшін айрықша мәнге ие мереке.

– Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – қасиетті Отанымыз – Қазақ елінің әрбір азаматы үшін маңызы ерекше мереке. Біз осы күні байрағымызды биікке көтереміз. Сол арқылы еңселі, егемен ел екенімізді күллі әлемге паш етеміз, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздердің халқымыздың болмысын, тарихын және ұлттық құндылықтарын айшықтайтынын айтты.

– Қастерлі рәміздеріміз – ұлт құндылықтарының жарқын символы. Мемлекетіміздің әр нышаны халқымыздың болмыс-бітімінің көрінісі саналады. Елтаңба – елдігіміздің айшықты белгісі. Әнұран – азаттығымыздың айбынды үні. Көк Туымыз – Тәуелсіздік тұмары. Төбемізге көтеріп, қадір тұтатын осы үш рәмізді мемлекеттігіміздің мызғымас үштағаны десек, артық болмайды, – деді Президент.

Мемлекет басшысы қазақ халқының тарихында бірлік пен ынтымақтың әрдайым маңызды рөл атқарғанын атап өтті.

– Тарихқа үңілсек, жұртымыз әрқашан бір тудың астына жиналып, ынтымақ-бірлігін сақтай білген. Қазір де еліміз ауызбіршілігін нығайтып, алға қарай сеніммен қадам басып келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – әр азаматтың қасиетті борышы әрі ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау