$ 489.31
 568.33
 6.63

Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады

Редактор
04.06.2026, 10:26
Фото: istockphoto
Фото: istockphoto
Аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар үш күн қатарынан яғни 4, 5 және 6 шілде күндері демалады.

Шілдеде қазақстандықтар Астана күніне орай қосымша бір күн демалады, деп хабарлайды мемлекеттік eGov.kz порталына сілтеме жасаған bairaqmedia.kz.

Мереке және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, жыл сайын 6 шілдеде атап өтілетін мемлекеттік мереке Астана күні биыл дүйсенбіге түсіп тұр.

Сондықтан аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар үш күн қатарынан яғни 4, 5 және 6 шілде күндері демалады.

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін 5, 6 шілде демалыс.

Жалпы алғанда, шілде айында аптасына бес күн жұмыс істейтін ел тұрғындары тоғыз күн, алты күн жұмыс істейтіндер бес күн демалады.