$ 485.95
 565.74
 6.83

Қазақстанда балалар халықтың жалпы санының 33,6%-ын құрайды - статистика

Редактор
01.06.2026, 16:40
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz
Балалардың 62,3%-ы қалалық жерде, ал 37,7%-ы ауылдық жерде тұрады

Ұлттық статистика бюросы 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай елдегі балалардың санына қатысты дерекпен бөлісті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

"2026 жылдың басындағы жағдай бойынша Қазақстанда 0-17 жас аралығындағы 6,9 миллион бала тұрады, бұл республика халқының жалпы санының 33,6% құрайды", - деп жазылған хабарламада.

Балалардың 62,3%-ы қалалық жерде, ал 37,7%-ы ауылдық жерде тұрады. Ұл балалардың үлесі - 51,4%, қыз балалардың үлесі - 48,6%.

Балалардың ең көп саны республиканың үш өңірінде тіркелген:

Түркістан облысында -910,4 мың (13,2%);

Алматы қаласында - 688,9 мың (10%);

Алматы облысында - 572,3 мың (8,3%) бала.

Жалпы соңғы 5 жылда балалар саны 4,4%-ға артты, дейді статистика мамандары.