$ 493.15
 574.17
 6.77

Бишімбаев пен Мәсімов рақымшылыққа іліге ме? ІІМ түсіндірді

Редактор
03.06.2026, 12:22
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Вице-министрдің айтуынша, аталған азаматтарға рақымшылық жасауға заң жүзінде мүмкіндік жоқ

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Мәжіліс кулуарында сотталған Қуандық Бишімбаев мен Кәрім Мәсімов рақымшылыққа ілігуі мүмкін бе деген сауалға жауап берді.

Вице-министрдің айтуынша, аталған азаматтарға рақымшылық жасауға заң жүзінде мүмкіндік жоқ.

Ол мұндай шектеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 78-бабында нақты көрсетілгенін атап өтті.

«Сіздер атаған тұлғаларға қатысты жауап – үзілді-кесілді жоқ», – деді Санжар Әділов.

Осылайша, ІІМ мәліметінше, Қуандық Бишімбаев пен Кәрім Мәсімов рақымшылық актісі аясында мерзімінен бұрын бостандыққа шыға алмайды.