Қоғам

Ақмола балабақшаларында зейнеткерлерге тиесілі өтемақы төленбеген

12:53, 17 мамыр 2025 81

Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен зейнеткерлерге заңды өтемақы төленді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
 
Көкшетау қаласының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижелері бойынша 20-дан астам азаматтың конституциялық құқығының бұзылуын анықтады.
 
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес еңбек шарттары қызметкер зейнеткерлік жасқа толған кезде оған кемінде бір ай бұрын хабарлау және бір лауазымдық жалақы (тарифтік мөлшерлеме) мөлшерінде өтемақы төлеу арқылы бұзылады. Қалалық білім беру ұйымдары зейнеткерлікке шыққан қызметкерлерге аталған өтемақыны төлемейтіні анықталды.
 
Мәселен, қаладағы балабақшалардың бірінде 3 қызметкерге жалпы сомасы 800 мың теңгеден асатын бір лауазымдық жалақы көлемінде өтемақы төленбеген.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 20-дан астам қызметкердің конституциялық құқықтары қалпына келтіріліп, оларға жалпы сомасы 2,2 млн теңгеден астам өтемақы төленді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз