Ұлттық банк кез келген терминалдан төлем жасауға болатын банкаралық QR төлем жүйесін іске қосты. Енді барлық банктің терминалы арқылы QR-кодпен төлем жасай аласыз.
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, онда акваөсіру субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив істері салаларындағы нормалардың артық заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері туралы заң жобаларын мақұлдады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қарашадағы «2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы» қаулысы бекітілді.
Атырау қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ХХХІІІ Қазақстан чемпионатының бірінші турында «Жетісу» клубы (Талдықорған) қатарынан үшінші рет жеңіске жетті.