Астанадағы «Барыс Аренада» өткен кәсіби бокс кешінде қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 KO) кезекті мәрте әлем чемпионы атағын қорғап, жанкүйерлерін қуантты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Орта салмақтағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы белбеулерін бәске тіккен Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы Франциядан келген, әлі жеңілістің дәмін татпаған Анауэль Нгамиссинг (14-0, 9 KO) болды.
Жекпе-жек басынан бастап Жәнібектің басымдығымен өрбіді. Бірінші раундта-ақ жерлесіміз қарсыласын нокдаунға жіберіп, өз үстемдігін көрсетті. Тартысты кездесу он екі раундқа жоспарланғанымен, бесінші раундта Әлімханұлы қарсыласын нокаутқа түсіріп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.
Бұл жеңіс арқылы Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белбеулерін сәтті қорғап қана қоймай, өз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ол әлемдік аренада қазақ боксының абыройын асқақтатуды жалғастыра бермек.