$ 474.63
 544.5
 5.92

«Жәбірленуші ретінде бас тартқанын қалаймын»: Марқұм Ұлдананың анасы мәлімдеме жасады

Редактор
31.07.2026, 10:02
коллаж
коллаж
Әділет үйлену жайлы шешімін алдын ала хабарламаған

Астанада қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның анасы Сәлима Ершанқұлқызы күйеу баласы Зейнет Әділеттің қайта үйленуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Сәлима Ершанқұлқызының айтуынша, Әділеттің үйлену жайлы шешімін оның өзі де, отбасы да алдын ала хабарламаған. Не алдарынан өтпеген.

Сондай-ақ Сәлима Ершанқұлқызы қызының өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде танылған Әділеттің осы мәртебеден бас тартқанын қалайтынын жеткізді.

Бұдан бөлек, ол қызының көлігі заң бойынша жақында ғана ата-анасына берілгенін, бірақ былтырдан бері машинаның Әділетте болғанын растады. Ал, марқұм Ұлдананың зейнетақы қорындағы жинақтары қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұбайына берілгенін айтты.

 

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау