Аймақ

Түркістан: діни көзқарас үшін вакцинациядан бас тарту мәселесі талқыланды

15:52, 24 маусым 2025 18

Түркістан қаласында діни көзқарас үшін вакцинадан бас тарту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
 
«Вакцинадан бас тарту – сырқаттан құтылу жолы емес» атты дөңгелек үстел Түркістан қаласы көлемінде дін саласына қатысты жоспарланған ауқымды іс-шаралар аясында ұйымдастырылды. Шара 24 маусым күні Түркістан қалалық емханасында өтті.
 
 
Оған Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы А. Әуезханов, теолог маман Б. Нұритдинов, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) зерттеуші мамандары Сифф Нельсон мен Сахил Варси, сондай-ақ, қалалық мешіт имамдары мен Түркістан облысы ақсақалдар алқасының мүшелері қатысты.
 
Дөңгелек үстел барысында діни бағыттағы жат ағым өкілдерінің екпеден бас тартуына қатысты мәселелер қозғалды. Әрі бұл бағытта түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Кейін қатысушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, көпшілікті толғандырған сұрақтарға жауап берілді. Айта кетейік, соңғы жылдары елімізде діни көзқарас үшін вакцинациядан бас тарту мәселесі өзекті болып отыр. 
 
Іс-шара қоғамдық денсаулықты сақтау және діни сенім мен медицина арақатынасы мәселелерін дұрыс түсіндіру бағытында маңызды қадам болды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз