Қоғам

Баласы балағат айтқаны үшін енді ата-ана жауап береді

14:04, 24 маусым 2025 14

Қазақстанда кәмелетке толмағандардың бейәдеп сөзі үшін жауапкершілік күшейтілді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz

Енді баланың қоғамдық орында немесе әлеуметтік желіде айтқан балағат сөздері үшін ата-ана немесе заңды өкіл жауапқа тартылады.

Қылмыстық кодекстің 131-бабы бойынша, көпшілік алдында ар-намысты қорлау (ауызша не жазбаша) — әсіресе балағат сөздермен — 100 АЕК-ке дейін (393 200 теңге) айыппұлға немесе 120 сағатқа қоғамдық жұмысқа әкеп соғуы мүмкін.


Ал көшеде бейәдеп сөз айтылса, бұл ұсақ бұзақылыққа жатады. Оған келесідей жаза түрлері қарастырылған:

  • 20 АЕК (78 640 тг) айыппұл немесе 5–15 тәулікке дейін қамау;
  • егер қайталанса — 30 тәулікке дейін қамалуы мүмкін.

 

Айта кетсек, баланың жасы өскен сайын жаз түрі де өзгереді:

  • 12 жасқа дейін – толық жауапкершілік ата-анасында. Айыппұл: 10–15 АЕК (39 320 – 58 980 теңге);
  • 14–16 жас – ата-ана төлейді: 7 АЕК (27 524 теңге);
  • 16–18 жас – жасөспірімнің өзі жауап береді, бірақ жұмыс істемесе, айыппұлды ата-анасы төлейді, 10 АЕК (39 320 теңге).

 

Интернетте, әсіресе әлеуметтік желілерде балағат сөз жазу, қорлау немесе буллинг жасау үшін айыппұл мөлшері 200 АЕК-ке дейін жетеді — бұл 786 400 теңге.

Полиция әр жағдайды жеке зерттейді. Дәлел ретінде куәгерлердің сөзі, аудио/видео жазба, жазбаша мәтінге жасалған лингвистикалық сараптама қаралады.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз