Ақтөбе облысында 15 жастағы мектеп оқушысын зорлағаны үшін ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыс жасағаннан кейін ол қызды болған жағдайды ешкімге айтпауға қорқытып, қоқан-лоқы көрсеткен. Бұл туралы Вairaqmedia.kz Halyqstan дерегіне сілтеме жасап хабарлады.
Оқиға 2026 жылдың мамыр айында облыстың аудандарының бірінде болған. Жәбірленуші сотталған ер адамның кіші қарындасымен құрбы болған. Екі отбасы көрші тұрған әрі бір-бірімен жақын араласқан.
Оқиғадан кейін мектеп оқушысы болған жағдайды жақындарына бірден айта алмаған. Мәліметке сәйкес, ер адам қызды өлтіремін деп қорқытып, үндемеуге мәжбүрлеген.
Қылмыстық іс қайта сараланған
Алғашында қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 122-бабы — «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау» бойынша тергелген.
Алайда қыздың туыстары істің басқа баппен саралануын талап еткен. Нәтижесінде іс Қылмыстық кодекстің 120-бабы — «Зорлау» бойынша қайта сараланған.
Істі Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Сотталушы кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.