Әнші Наркенже Серікбаева мен Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның басшысы Ғалымжан Ерназаров татуласты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Тағы оқыңыз: «Алдыма отыр, сені иіскеуім керек»: Дәстүрлі әнші бастығынан қысым көргенін мәлімдеді
Олар әлеуметтік желіде үлкен резонанс тудырған араларындағы дауды тоқтатып, ортақ мәмілеге келген. Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Кешелі бері алаңдаушылық танытып, көңілімді сұрап жатқан елдің есебі жоқ. Өнердегі, өмірдегі, саясат сахнасындағы ағалар, әпкелер, менің тұрақты, адал тыңдармандарым бар екендіктерін білдіріп жатыр. Рахмет баршаңызға! Тағы айтамын мен хайп қуалап, атын шығара алмай, бүлік шығаратын, бәле іздейтін әнші емеспін. Жүрегі нәзік, эмоцияға бейім әйел затымын. Өнердің, шын жанашырымын. Кешегі мәселе жететін жерге жетті, Амандықта болайық!», - деді Наркенже Серікбаева.
Тағы оқыңыз: Әншіге «иіскегім келеді» деген Ерназаров Наркенже Серікбаеваны сотқа берді
Филармония басшысының сөзінше, аталған мәселе бойынша арнайы комиссия келіп, екі тараптың арыз-талабын қарастырған.
«Кешеден бері дау болған мәселе үшін кешірім сұраймыз! Әрбір үйдің мәселесі өз ішінде қалуы тиіс еді. Жағдай елге тарап кеткеннен кейін облыстық мәдениет басқармасынан және әкімшіліктен комиссия келді. Олар екеуміздің талаптарымызды, өтініштерімізді толық қарады. Бір-бірімізге қоятын мәселе жоқ. Жағдайды ушықтырып керек емес», - деді Ғ. Ерназаров.