Батыс Қазақстан облысында полицей өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz Мой город сайтына сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға 21 маусымда Достық ауылы (бұрынғы РТС) аумағында болған. 22 жастағы полиция қызметкері өз үйінің ауласында асылып қалған.
Аталған деректі БҚО Полиция департаменті растады. Ведомствоның хабарлауынша, қазір бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тексеріс жүргізіліп жатыр.
Марқұм 23 маусым күні жер қойнына тапсырылды.