$ 448.61
€ 503.83
₽ 5.48

«Ақшамды әйеліме бермеймін»: Рамазан Амантай отбасылық құпиясын ашты

Редактор
23.10.2026, 10:37
әлеуметтік желіден
әлеуметтік желіден
Актер бұл туралы Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында ашық айтты

Танымал актер Рамазан Амантай өмірінде тапқан қомақты қаражатын дұрыс жұмсай алмағанына өкініш білдірді. Өнер иесі ақшаны қалай жұмсағанын, әйелінің кеңесіне неге құлақ аспағанын айтып, көзіне жас алған, деп хабарлайды  Вairaqmedia.kz.

Актер бұл туралы Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында ашық айтты. Оның сөзінше, осы уақытқа дейін тапқан табысына бірнеше баспана сатып алуға мүмкіндігі болған. Алайда қаржыны тиімді басқармағандықтан, мұндай мүмкіндікті пайдалана алмаған.

«Жиырма үй алатындай ақшам болған шығар осы күнге дейін. Бірақ ақылым болмапты. Әйелім айтпайды емес, айтады. Мен бой бермеймін. Ақшаны әйелім жинайтын шығар деп ойлайтын шығар, бірақ ақша өзімде болады. Ешқандай жағдайда оған бермеймін. Өзімде ғана болады. Мен далаға шашамын», – деді актер.

Рамазан Амантай отбасында қаржыны өзі басқаратынын және табысын жұбайына сеніп тапсырмайтынын жасырмады. Сонымен қатар әйелінің ақшаны үнемдеуге қатысты ақыл-кеңесін тыңдамайтынын мойындады. Өнер иесі өткен өміріндегі кейбір әрекеттерін еске алғанда қатты толқығанын жеткізді.

«Көп ақымақтығыма куә бауырларым бар. Соның барлығын есіме түсіріп, жылап жібердім», – деді ол.

Актердің бұл сөзі оның өткен шешімдеріне өкінішпен қарайтынын аңғартады. Ол қомақты табыс табудың өзі жеткіліксіз екенін, қаражатты дұрыс жұмсаудың да маңызды екенін өз өмірінен мысал келтіре отырып жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау