Қоғам

«Ажырасқан әйелге еркек жын ғашық болады» – желідегі пікір жұртты шошытты

15:31, 24 маусым 2025 21

Хиджама маманы ажырасқан әйелдердің ұзақ уақыт некесіз өмір сүруіне болмайтынын айтты,-деп жазады bairaqmedia.kz.

Әсия есімді желі қолданушысының сөзіне қарағанда, ұзақ уақыт жалғыз жүретін әйелге жын ғашық болып қалатын көрінеді.

«Ислам бойынша егер, ажырасқан әйел адам үш ай, он күннен кейін некелеспесе, ұзақ уақыт некесіз, ер адамсыз өмір сүретін болса, оған еркек жын ғашық болып, отырып алады. Ешкімді оған жолатпайды. Әйел адам біреумен танысса да анау ұнамайды, мынау ұнамайды деп жақтырмай тұрады. Түсіне де кіретін болады. Түсінде еркек жын сол әйелмен кәдімгідей қосылатын болады. Сондықтан ұзақ жүріп қалмаңыздар. Ұзақ жүрген әйелдер, естеріңізге түсіріңіздер, ойланыңыздар. Сондай түстер көрмейсіздер ме? Егер, сондай болатын болса, қорқу керек. Он жыл күйеуге шықпаған пациентім бар. Он жылдан кейін күйеуге тигеніне 7-8 жыл болғанда, сол жын мазалап, күйеуіне жек көрінішті қылып көрсеткен. Тіпті асылып қалған. Қайта күйеуі құтқарып үлгерген. Қазір оқытылып жүр», - дейді ол.

Аталмыш видео желі қолданушылары арасында қызу талқылануда.

«Аңқау елге арамза молда болды. 3 ай 10 күн дегенді қайдан шығарып алған», «Не шықса да осындай хиджабтағылардан шығады», «Осыларға тоқтау бар ма? Елді құртып бітті ғой», - деп жазды олар.

 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз