Аймақ

Түлектер кешіндегі адам өлімі: Мектеп директоры жұмыстан қуылды

14:31, 28 мамыр 2025 52

Алматы облысында болған қайғылы оқиғадан кейін мектеп директоры қызметінен босатылды. Бұл туралы ІІМ басшысының орынбасары Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Шампурдан болған кісі өлімі туралы айтсақ, қазір «Қасақана адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалып, кәмелетке толмаған күдікті қамауға алынды. Аталған дерекке қатысты тергеу жүріп жатыр. Тергеушілер Қылмыстық-процестік кодекстің 200-бабы бойынша жергілікті әкімдікке ұсыныс берді. Мектеп директоры қызметінен босатылды. Оның орынбасары мен екі сынып жетекшісі тәртіптік жазаға тартылды, - деді Санжар Әділов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысында коттедж жалдап, көңіл көтерген түлектердің бірі сыныптасын өлтіргенін хабарлаған болатынбыз.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз