Қоғам

Ақтөбеде екі баласын тұншықтырып өлтірген декреттегі мұғалімге қатысты сот басталды

16:11, 29 мамыр 2025 28

Ақтөбеде екі баласын бірдей тұншықтырып өлтірген келіншекке қатысты сот басталды деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Бірақ алғашқы отырысқа сотталушының өзі қатысқан жоқ. Себебі, ол Талғардағы арнайы орталықта емделіп жатыр екен.

Бұл сот процессіне қатысушылар да санаулы. Мемлекеттік айыптаушы мен адвокат және жәбірленуші ғана келген. Өз балаларын өлтірген келіншекті олардың бәрі жазғырудан аулақ. Оның психатриялық ауруханада мәжбүрлеп емделгенін қалайды. Себебі, екінші баласын туғаннан кейін 29 жастағы келіншектің жүйке жүйесі сыр берген.

Жәбірленуші деп танылған күйеуі жұбайының қыста қызын өлтірмекке ұмтылғанын айтады. Одан соң төркіні емдетеміз деп Атыраудан Қандыағаш қаласына алып келген. Алайда, екі ай бұрын әйел 3 жасар ұлы мен 11 айлық сәбиін жастықпен тұншықтырып тынады. Мамандар оның психоз дерті асқынып, қоғамға қауіпті екенін сараптама дәлелдеді дейді. Енді жаза кесу қажет пе, әлде жындаханаға жатқызу керек пе оны сот шешеді.

Талабым енді маған енді былай айтқанда ол опасыздық жасады деп ойлаймын біріншіден. Екі баланың әруағы үшін мен енді өйтіп ол жаққа жібергеннен, емделіп қоғамға қосылғанын қалаймын. Мен қайын атамнан көмек сұрадым. Кішкене қызыңыз ауырыңқырап жүр, не істейсіз деп.Алып кетем, не істетеміз, емшілерге апарым, невропатлогический жағына қаратам дегендей. Мен оған қарсы болған жоқпын. Әкесі және балдызым алып кетті, - деді жәбірленуші Жеңісбек Әбілхан

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз