Ауғанстанда тағы бір спорт түріне тыйым салынғалы жатыр деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Бұл жолы тәлібтер үстел футболына шектеу қоймақшы. Қазір мұндай тыйым Дайкунди провинциясында енгізілген. Себебі, бұл ойындағы футболшылардың шағын мүсіні пұттарға ұқсайды деп түсіндірілуде.
Үстел футболы бойынша клубтарға әзірге ойындағы мүсіндердің бастарын алып тастауды бұйырған. Алайда, ел билігі бұл тыйым туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Бұған дейін Ауғанстанда шахмат федерациясы таратылған болатын. Өйткені, шариғат бойынша шахмат құмар ойынның бір түріне жатқызылыпты.