Аймақ

Ақша, қару, прекурсор: Ақмола облысында есірткі зертханасын ұйымдастырғандар қамалды

14:40, 29 мамыр 2025 23

Ақмола облысында ситетикалық есірткі дайындайтын зертхана анықталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Тінту барысында шамамен 200 грамм синтетикалық есірткі, 150 килограмм химиялық прекурсорлар, тыйым салынған заттарды дайындауға арналған әртүрлі зертханалық жабдықтар, 9 млн теңгеден астам қаражат, сондай-ақ 2 дана қару тәркіленді. 42 жастағы ұйымдастырушы мен оның сыбайласы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тәркіленген заттар бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. 

Аталған факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-1-бабы 3-бөлігімен, яғни аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз дайындау, қайта өңдеу, өндіру және сату бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, - делінген хабарламада.

Көрсетілген баптың санкциясы мүлікті тәркілеумен бірге 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Қылмыстық істі тергеу барысы бақылауға алынды, жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз