Астанаға Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон келді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Мәртебелі меймандар «Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысады.
Айта кетсек, кеше Қазақстанға Италия премьер-министрі Джорджа Мелони ресми сапармен келген болатын. Мәртебелі мейманды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайында күтіп алды.