Аймақ

Маңғыстауда жеке сот орындаушы шекараны саудаға салған

14:46, 30 мамыр 2025 28

Маңғыстауда жеке сот орындаушы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны анықталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, алимент өндіру жөніндегі атқарушылық іс жүргізу шеңберінде «С»есімді борышкерге қатысты шекарадан шығуға шектеу қойылған. Алайда ЖСО өндіріп алушының атынан жалған арыз жасақтап, көрсетілген шектеуді заңсыз түрде алып тастаған және бұл әрекеті үшін борышкерден ақшалай сыйақы алған. Салдарынан борышкер бір жыл бойы еш кедергісіз Біріккен Араб Әмірліктері мен Өзбекстан Республикасына шығып тұрған.

Аталған дерек бойынша облыс прокуратурасымен ҚК 251-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, - делінген хабарламада.

Өндіріп алушыға келтірілген шығынды толық өтеуіне байланысты сотпен қылмыстық іс ақтамайтын негізбен өндірістен тоқтатылған.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз