Қоғам

Аса ірі көлемде ақша жымқырған алаяқ Ресейден елге қайтарылды

16:11, 30 мамыр 2025 30

Ресейден аса ірі мөлшерде бірнеше мәрте алаяқтық жасады деген күдікті тағы бір азамат экстрадицияланды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz. 

Прокуратура мәлметінше, ол 2022–2023 жылдары Ақтауда кәсіпкерлікке инвестиция саламын деп таныстарынан ірі көлемде ақша алып, жоғары пайда уәде еткен. Алайда уәделерін орындамай, алынған қаражатты өз қажетіне жаратқан.

Күдіктінің қылмыстық әрекеттерінің салдарынан 6 қазақстандық азаматқа жалпы сомасы 63 миллион теңгеден астам залал келген. Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, сол себепті оған халықаралық іздеу жарияланған. Өткен жылдың қарашасында күдікті Екатеринбург қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды, – делінген хабарламада.

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Айта кетсек, жыл басынан бері Қазақстанға алаяқтық үшін Ресейден 5 адам, Германия, Польша, Сербия, Сауд Арабиясы, Қырғызстан және Беларусьтен 1 адамнан, барлығы 11 адам экстрадицияланған.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз