$ 487.44
 567.38
 6.62

Тоқаев Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады

Редактор
06.06.2026, 10:18
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавқа және достас швед халқына құт-береке тіледі.

Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев хатта аталған елдің орнықты даму, инновацияларды енгізу және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағыттарында тамаша табысқа қол жеткізгенін атап өткен.

Сондай-ақ Президент жоғары деңгейдегі Қазақстан-Швеция қарым-қатынасы қос халықтың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавқа және достас швед халқына құт-береке тіледі.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау