Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрияның Федералдық Президенті Александр Ван дер Белленді және ел халқын Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Аустрия арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленге жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал Аустрия халқына бақ-береке мен өсіп-өркендеу тіледі.