$ 472.48
 550.06
 6.59

«Тауда демалуға бәрінің мүмкіндігі болады»: Ермек Тұрсынов Almaty Superski туралы

Редактор
26.05.2026, 12:40
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Ермек Тұрсынов Almaty Superski жобасын қолдады

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, режиссер, кинодраматург Ермек Тұрсынов Almaty Superski жобасын қолдайтынын білдірді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Оның айтуынша, бұл бастама Алматының туристік әлеуетін арттырып, тау инфрақұрылымын дамытуға жаңа серпін береді.

«2018 жылы осындай отырыста да аталған жобаларды қолдағанмын. Бүгін ғалымдар, бизнес өкілдері, спорт мамандары өз саласымен байланыстырып жақсы пікір айтты. Әлемнің түрлі мемлекетінде болдым, көп жерде жергілікті халық тау курорттарының ашылуын қуанышпен қабылдайды. Өйткені мұндай жобалар өңірдің экономикасына, туризмнің дамуына үлкен пайда әкеледі. Бұл жоба да қалаға оң әсерін береді деп сенемін. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін тауға көтеріліп, демалуға мүмкіндік алады. Сондықтан жобаны қолдаймын», – деді Ермек Тұрсынов.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау