$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49

«Талай қилы жолдан өттік»: Тоқаев Тәуелсіздіктің 35 жылдығы қарсаңында маңызды мәлімдеме жасады

Редактор
20.11.2026, 15:34
коллаж: bairaqmedia.kz
коллаж: bairaqmedia.kz
Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 35 жылдығы Қазақстан тарихындағы маңызды белес екенін атап өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында еліміздің жүріп өткен жолына тоқталып, мемлекетті одан әрі дамыту үшін ауқымды жұмыстар жалғасатынын айтты, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент бұл туралы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөйлеген сөзінде мәлімдеді. Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 35 жылдығы Қазақстан тарихындағы маңызды белес екенін атап өтті. Оның айтуынша, осы уақыт ішінде еліміз түрлі қиындықтарды еңсеріп, мемлекеттілігін нығайтып, халықаралық аренадағы беделін арттырды.

«Көп ұзамай халқымыз ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығын атап өтеді. Бұл – мемлекетіміздің тарихи өсіп-өркендеу жолындағы аса маңызды белес. Осы кезеңде біз талай қилы жолдан аман-есен өттік. Берекелі бірлігіміздің арқасында көптеген сынақты абыроймен еңсердік. Мемлекеттігімізді нығайттық, халықаралық абырой-беделімізді күшейттік», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қазақстанды бәсекеге қабілетті, дамыған мемлекетке айналдыру жолындағы жұмыстар тоқтамайтынын жеткізді.

«Біз Қазақстанды бәсекеге қабілетті озық ел ретінде дамыту үшін әлі де белсенді әрі табанды жұмыс істей береміз», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Тоқаев ел дамуы жолында жүзеге асырылған реформалардың маңызын атап өтті. Оның сөзінше, атқарылған жұмыстардың басты мақсаты – келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілікті орындау.

«Әрине, осы кезге дейін бәріміз жұрт болып жұмылып, біраз шаруа атқардық. Өскелең ұрпақ алдындағы жауапкершілікті терең сезіне отырып, ауқымды реформаларды жүзеге асырдық», – деді Президент.

Мемлекет басшысы алдағы уақытта да Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жалғасатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау