$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49

«Отбасын қорғау үшін өз өмірін қиды»: Ақтөбеде өлтірілген кәсіпкердің ұлы жазба жариялады

Редактор
20.11.2026, 14:59
коллаж: bairaqmedia.kz
коллаж: bairaqmedia.kz
Ақтөбеде қаза тапқан кәсіпкердің ұлы жүрек тебірентер жазба жариялады

Ақтөбеде көршісінің қолынан қаза тапқаны хабарланған кәсіпкер Айболат Жисовтің ұлы Әнуар Тобанияз әкесін еске алып, жүрек тебірентер жазба жариялады. Ол әкесінің өмірдегі орны, берген тәрбиесі мен отбасы үшін жасаған жақсылығын айтып, сағынышын жеткізді, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Әнуар Тобанияз үшін әкесі тек отбасының тірегі ғана емес, өмірлік ұстазы, қандай қиындық болса да мойымайтын қайсар азамат болған. Ол әкесінің бойындағы батылдық пен адамгершілік қасиеттерді ерекше атап өтті.

«Әкем мен үшін әрқашан үлгі тұтар ең асыл жан болды. Ол маған қиындыққа мойымауды, тағдырдың соққысына төтеп беруді және өмірдің әр сәтін бағалауды үйретті. Ең ауыр сәтте де отбасын қорғау үшін өз өмірін қиды», – деп жазды Әнуар Тобанияз.

Әкесінен айырылған ұлы оның жарқын бейнесі жүрегінде мәңгі сақталатынын жеткізді. Әсіресе жазбасының соңындағы сөздері ерекше әсер қалдырады.

«Әке, Сіз мен үшін әрқашан батыр болып қаласыз. Арыстандай өмір сүріп, арыстандай кеттіңіз. Сіздің жақсылығыңыз бен игі істеріңіз ешқашан ұмытылмайды», – деді ол.

Әнуардың жазбасынан әкесіне деген шексіз құрметі мен сағынышы аңғарылады. Ол әкесінің өмірлік ұстанымын, қайсар мінезін және отбасы үшін жасаған жақсылығын ешқашан ұмытпайтынын білдірді. Айта кетейік, Ақтөбеде кәсіпкер Айболат Жисовтің көршісінің қолынан қаза тапқаны туралы ақпарат тараған. Марқұмның ұлы әкесінің соңғы сәтте де отбасын қорғауға тырысқанын жазған.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау