$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49

Димаш Құдайберген әлемдік бокс ұйымының жоғары құрметіне ие болды

Редактор
20.11.2026, 12:46
Фото: Dimashnews.com
Фото: Dimashnews.com
Димашқа табысталған белбеу чемпиондық атақ емес, өнердегі және қоғамдық қызметтегі жетістіктерін бағалайтын құрметті марапат

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) арнайы құрметті белбеуімен марапатталды. Салтанатты рәсім 19 қарашада Мексиканың астанасы Мехикода өтті, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Марапатты өнер иесіне WBC ұйымының Қазақстандағы өкілі Әлихан Жарылғапов пен ұйым өкілдері Эктор Сулейман, Хосе Антонио Арреола Сулейман және Виктор Сильва табыстаған. Димашты марапаттау туралы ұсынысты WBC президенті Маурисио Сулейман жасаған. Алайда денсаулығына байланысты ол салтанатты шараға қатыса алмаған. Ұйым өкілдерінің айтуынша, мұндай құрметті белбеу сирек табысталады. Қазақстандық әнші әлемдік музыкадағы жетістіктері, халықаралық танымалдығы және адамгершілік құндылықтарды дәріптегені үшін марапатталған.

Кездесу барысында спорт пен музыканың халықтар арасындағы достықты нығайтудағы рөлі, сондай-ақ Димаштың Халықаралық көші-қон ұйымымен бірлескен жұмысы талқыланған. Айта кетейік, WBC — кәсіпқой бокстағы беделді халықаралық ұйымдардың бірі. Оның чемпиондық белбеуін Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер және қазақстандық Геннадий Головкин сияқты әйгілі боксшылар иеленген. Димашқа табысталған белбеу чемпиондық атақ емес, өнердегі және қоғамдық қызметтегі жетістіктерін бағалайтын құрметті марапат. Димаш марапат үшін WBC өкілдеріне алғыс айтып, бұл сәттің Қазақстан мен Мексика арасындағы достық үшін ерекше маңызға ие екенін атап өткен.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау