$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49

Қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген: полиция полковнигіне үкім шықты

Редактор
20.11.2026, 10:18
ФБ
ФБ
Қарамағындағы қызметкерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген

Астанада Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің бұрынғы төрағасы, полиция полковнигі Данияр Мейірханға қатысты сот үкімі шықты. Ол қарамағындағы қызметкерді жыныстық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлегені үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

19 қарашада Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Данияр Мейірханды Қылмыстық кодекстің 123-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 6 487 500 теңге (1500 АЕК) айыппұл салды. Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, 2025 жылдың сәуір-қараша айлары аралығында бұрынғы басшы қызметтік тәуелділікті пайдаланып, қарамағындағы әйелді жыныстық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеген. Жәбірленуші жұмысынан айырылып қалудан қорқып, психологиялық қысымға ұшыраған.

Журналистің жазуынша, сотта жәбірленуші мен куәгерлердің жауаптары, нотариалды куәландырылған хат алмасулар және маман қорытындысы зерттелген. Данияр Мейірхан өз кінәсін мойындамаған. Соттың баспасөз қызметі қылмыстық істің жабық отырыста қаралғанын және үкімнің әзірге заңды күшіне енбегенін растады.

Еске салайық, 2026 жылдың сәуірінде Данияр Мейірхан қызметкерлердің шағымынан кейін тексеру аяқталғанға дейін лауазымынан шеттетілген болатын.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау