$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49

«35 күн өтті, күдікті қайда?»: Қызылордада сәбиінен айырылған ананың жағдайы белгілі болды

Редактор
20.11.2026, 16:03
коллаж: bairaqmedia.kz
коллаж: bairaqmedia.kz
Наргиздің жақыны Жанерке Сералиева әлеуметтік желіде оның қазіргі жағдайы туралы жазды

Қызылордада бес айлық сәбиімен бірге көлік қағып кеткен 25 жастағы Наргиз Бұхарбайға алғашқы операция жасалды. Жақындарының айтуынша, ота сәтті өткен. Алайда қайғылы жол апатына күдікті жүргізушінің әлі қолға түспеуі отбасының наразылығын тудырып отыр, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Наргиздің жақыны Жанерке Сералиева әлеуметтік желіде оның қазіргі жағдайы туралы жазды. Айтуынша, дәрігерлер әйелді тұрғызып, алғашқы қадамдарын жасатып көрген. Ал 21 қарашаға тағы бір операция жоспарланған.

«Наргизге кеше алғашқы операция жасалды, Аллаға шүкір, сәтті өтті. Сенбі күні тағы бір операция жоспарланып отыр. Жағдайы жақсы, шүкір. Тұрғызып, аяғын бастырып, жүргізіп те көріп жатыр. Құдай қаласа, үйге өз аяғымен оралады деп күтудеміз», – деп жазды ол.

Сонымен қатар Жанерке Сералиева құқық қорғау органдарының жұмысына наразылық білдіріп, күдіктінің неге әлі ұсталмағанын сұрады.

«Қайда Алексей?! Қандай жұмыс жасап жатырсыздар?!» – деп жазды ол.

Оқиғаның мән-жайы

Еске салайық, қайғылы жағдай 13 қазанда Қызылорда қаласындағы Күлтекенов көшесінде болған. Mitsubishi Lancer автокөлігі 25 жастағы Наргиз Бұхарбай мен оның бес айлық сәбиін қағып кеткен. Салдарынан нәресте ауыр жарақат алып, көз жұмды. Ал анасы бас-ми жарақатын алып, бірнеше сүйегі сынып, ауруханаға жеткізілді. Қызылорда қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі жол апатына күдікті ретінде 2000 жылы туған Алексей Великовке іздеу жариялады. Оған Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша күдік келтіріліп, қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленген. 13 қарашада Қызылорда облыстық полиция өкілдері күдіктіні іздеу жалғасып жатқанын хабарлаған. Ал 20 қарашадағы жарияланымдарға сәйкес, ол әлі табылмаған.

Айта кетейік, жол апатынан қаза тапқан сәби – каратэден әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбайдың жиені.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау