$ 450.79
 524.13
 5.31

Сол жағалауда ауыс-түйіс: Тоқаев бірнеше елшіні ауыстырды

Редактор
11.09.2026, 09:25
Ақорда
Ақорда
Тоқаев Қазақстанның Малайзия мен Грузиядағы елшілерін ауыстырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен Қазақстанның бірқатар шет мемлекеттегі дипломатиялық өкілдіктерінде кадрлық өзгерістер болды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Осыған байланысты ол Қазақстанның Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Ал Қазақстанның Грузиядағы жаңа елшісі қызметіне Талғат Мұбарақұлы Адуов тағайындалды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Болатұлы Сүгірбаев Қазақстанның Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды. Ол сондай-ақ Қазақстанның Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан кетті.

Осылайша, Президент жарлықтарымен Қазақстанның Малайзия мен Грузиядағы дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары жаңарды.