Шерзат Полаттың өліміне қатысты атышулы іс бойынша сот отырысы өтіп жатқанда марқұмның әжесінің денсаулығы сыр беріп, науқасты жедел жәрдем алып кетті деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Сотқа жәбірленуші ретінде қатысып жатқан марқұмның әжесі Жұмабике Қадырова кенеттен өзін жайсыз сезініп, қан қысымы күрт көтеріліп кеткен. Жедел жәрдем оны дереу ауруханаға алып кетті.
Сот басталғанда Жұмабике Қадырова денсаулығына байланысты Талдықорғанға қатынау қиын екенін алға тартып, істі Алматы облысында қарауды сұраған болатын.