Қоғам

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

12:29, 27 сәуір 2025 36

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті болып саыланды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

«Құрметті достар! Мен сіздермен соңғы жаңалықтармен бөліскім келеді. 
Мен Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті болып сайландым. Бүгін президент ретінде кезектен тыс Конференцияда Комитет басшылығының жаңа құрамын таныстырдым, сондай-ақ алдағы жоспарларды белгіледім. Туризм және спорт министрлігіне, және де бүгінгі іс-шараға қатысқан барлық ардагерлер мен спорт қайраткерлеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіремін» – деп жазды Серік Сәпиев.

Айта кетсек, ол бұған дейін Қарағанды ​​облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарып келген.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз