Спорт

Садриддиннің сынағы басталды ма? АҚШ-тағы бокс кеші күтпеген нәтижемен аяқталды

15:00, 20 сәуір 2025 62

Қазақ боксшысы Садриддин Ахмедов (15-0, 13 KO) Калифорния штаты, Коммерс қаласында өткен бокс кешінде тең нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ахмедов мексикалық боксшы Элиас Эспадаспен (23-6, 16 KO) жұдырықтасты. Бұл жекпе-жек бірінші орта салмақта өтті және он раундқа жоспарланған болатын. Қарсыласу тең нәтижемен аяқталды.

Осылайша, Садриддин Ахмедов кәсіпқой мансабында алғаш рет жеңіске жете алмады. Бұған дейін ол қатарынан 15 жекпе-жекте жеңіске жеткен. Ал Элиас Эспадас үшін бұл – мансабындағы жетінші жеңіліс.

Айта кетейік, бұл – Ахмедовтің 2025 жылғы алғашқы жекпе-жегі. 2024 жылы ол екі кездесу өткізіп, екеуінде де қарсыластарын нокаутпен жеңген болатын: америкалықтар Антонио Тодд (17-12, 9 KO) пен Рафаэль Игбоквені (17-6, 7 KO) мерзімінен бұрын тоқтатқан еді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз