Әлем

Рим Папасы қайтыс болды

13:33, 21 сәуір 2025 56

Рим Папасы Франциск 88 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

VaticanNews ақпаратына сәйкес, Рим Папасы бүгін Ватикандағы Каса-Санта-Марта резиденциясында көз жұмған.

Понтифик Франциск 1936 жылы 17 желтоқсанда Аргентинада дүниеге келген. Ол 2013 жылы 13 наурызда Рим папасы атанды. Сайланғанға дейін 1998-2013 жылдары Аргентинаның примасы және Буэнос-Айрестің архиепископы болды.

Ақпаратқа сәйкес, ол кеше Пасха жексенбісінде дәстүрлі батасын беру үшін Ватикандағы Әулие Петр алаңына жиналған сенушілердің алдына шыққан.

Еске сала кетсек, 14 ақпанда Папа Франциск ауыр бронхитке байланысты Римдегі Джемелли ауруханасына жатқызылған болатын. Ол 23 наурызда 38 күндік емнен кейін екіжақты пневмония диагнозымен ауруханадан шықты.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз