$ 477.48
 555.83
 6.65

Ресейден Қазақстанға төрт амур жолбарысы жеткізілді

28.05.2026, 16:21
Ресейден жеткізілген амур жолбарысы. Фото: t.me/EcologyofQazaqstan
Ресейден жеткізілген амур жолбарысы. Фото: t.me/EcologyofQazaqstan
Алдағы кезеңде карантин, бейімдеу және жануарлардың жай-күйін кешенді бағалау шаралары көзделген.

"Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватына Ресей Федерациясынан әкелінген төрт амур жолбарысы – екі ересек дарақ және жолбарыстың екі төлі жеткізілді. Бұл туралы bairaqmedia.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан жолбарысты тарихи таралу аймағына қайтару бағдарламасының негізгі кезеңін бастаған.

Ресейден жеткізілген төрт амур жолбарысы Хабаровск өлкесінің жабайы табиғатынан ұсталып, Орталық Азияда ірі жыртқыштың популяциясын қалпына келтіру жөніндегі халықаралық ынтымақтастық шеңберінде берілген.

"Қайта жерсіндіру бағдарламасы жолбарысты 70 жылдан астам уақыт бұрын жойылып кеткен өңірге қайтаруға бағытталған. Қазіргі ғылыми деректер барлық құрлықтық жолбарыстардың бір түршеге – Panthera tigris tigris жататынын растайды. Осыған байланысты амур және тұран жолбарыстары ғалымдар тарапынан жеке түршелер емес, географиялық популяциялар ретінде қарастырылады.Қазақстандық, ресейлік және халықаралық сарапшылардың бірлескен зерттеулерінің қорытындысы бойынша қайта жерсіндіру үшін ең қолайлы аумақ ретінде оңтүстік Балқаш өңірі – Іле өзенінің атырауы ауданы және оған іргелес табиғи кешендер айқындалды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Қазақстанға жеткізілген жолбарыстар "Іле-Балқаш" резерватының арнайы дайындалған қоршауларына орналастырылып, мамандар бақылауына алған. Алдағы кезеңде карантин, бейімдеу және жануарлардың жай-күйін кешенді бағалау шаралары көзделген.

Табиғи мекендеу ортасына жіберер алдында жолбарыстарға спутниктік қарғыбаулар тағылған, бұл олардың қозғалысын тұрақты бақылауға және мамандардың жедел әрекет етуіне мүмкіндік береді.