$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59

Рекорд: Шымкентте биыл 9 мыңнан астам баспана беріледі

Редактор
25.11.2026, 16:51
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Шымкентте биыл 9,6 мың отбасы баспаналы болады

Шымкентте тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту жұмысы қарқынды жүргізілуде. Биыл қалада 9 634 пәтерді пайдалануға беру және үлестіру жоспарланған. Бұл – республика бойынша ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Жоспарланған пәтерлердің 4 646-сы жалдамалы тұрғын үй болса, 4 988-і несиелік бағытқа тиесілі. Жыл басынан бері бұл бағытта нақты нәтижелер бар: бүгінге дейін 4 144 отбасы баспанаға қол жеткізді. Оның ішінде 2 386 отбасы несиелік тұрғын үймен, 1 758 отбасы жалдамалы пәтермен қамтылды.

Несиелік тұрғын үй алғандардың қатарында 1 035 көпбалалы отбасы, 120 жетім бала, әлеуметтік осал топтағы 647 азамат және бюджеттік мекемелердің 584 қызметкері бар. Ал жалдамалы баспана 78 көпбалалы отбасына, 317 жетім балаға және әлеуметтік осал санаттағы 1 363 азаматқа берілді.

Биыл ақпан айынан бастап пәтер кілттерін табыстау рәсімі қала әкімінің қатысуымен апта сайын ұйымдастырылып келеді. Осы уақыт аралығында аптасына орта есеппен 80–100 отбасы жаңа үйге қоныстануда.

Жаңа тұрғын үйлер Бозарық, Асар-2 және Тұран шағынаудандарында шоғырланған. Мұнда тек баспана салуға ғана емес, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға да мән берілген. Атап айтқанда, үйлердің қауіпсіздігі, аулалардың абаттандырылуы және тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қажетті жағдайлар назарға алынған.