Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25–26 қараша күндері Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.
Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.
«Сапар аясында мемлекеттер басшылары кездесу өткізіп, Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту перспективасын талқылайды», – деді Айбек Смадияров.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы сапар аясында жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады. Конференция 26–28 қараша аралығында Мәскеуде өтеді. Халықаралық жиында жасанды интеллектіні дамыту, жаңа технологияларды енгізу және олардың экономикаға, ғылымға ықпалы талқыланады.
Айта кетейік, бұл – Тоқаевтың қараша айындағы Мәскеуге екінші сапары. Бұған дейін Мемлекет басшысы 11 қарашада ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысқан болатын.