$ 471.98
 543.39
 5.82

Рауан Кенжеханұлы: Цифрлық сауаттылық пен ақпараттық қауіпсіздік қатар дамуы керек

Редактор
05.08.2026, 23:10
Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин
«Әділет» партиясы бағдарламасының негізгі бөлімдерінің бірі – «Цифрлық мемлекет».

«Әділет» партиясы Қазақстанда жасанды интеллектіні дамытуда ең алдымен цифрлық қауіпсіздікке басымдық беруді ұсынады. Бұл туралы Құрылтай депутаттығына кандидат Рауан Кенжеханұлы ұлттық теледебаттың екінші кезеңінде айтты, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Ол модератордың білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізуде мектеп оқушылары мен студенттердің жеке деректерін қорғауға қатысты сұрағына жауап берді.

Рауан Кенжеханұлының айтуынша, «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасында цифрлық қауіпсіздік мәселесіне ерекше мән берілген. Бағдарламаның негізгі бөлімдерінің бірі – «Цифрлық мемлекет». Онда азаматтардың құқығын қорғауды қамтамасыз ете отырып, жасанды интеллектіні, цифрлық сервистерді және заманауи деректер инфрақұрылымын дамыту көзделген.

Кандидаттың айтуынша, білім беру саласын цифрландыру қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтып, білім сапасын арттыруға және сапалы білімге қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Дегенмен жаңа мүмкіндіктермен қатар жаңа сын-қатерлер де туындайды.

«Әр адам өзінің жеке деректерін басқаруды білуі керек. Яғни қандай мәліметтер жиналатынын, олардың қандай мақсатта пайдаланылатынын және оларды қалай қорғауға болатынын түсінуі маңызды», – деді Рауан Кенжеханұлы.

Кандидаттың айтуынша, партия цифрлық қауіпсіздікті адам құқығын қорғаудың ажырамас бөлігі ретінде қарастырады. Бағдарламада деректер инфрақұрылымын дамыту, халықтың цифрлық сауатынарттыру, балалар мен егде жастағы азаматтарды интернет-алаяқтықтан қорғау және «Цифрлық қоғам» жобасын іске асыру көзделген.

Бұдан бөлек, партия алдағы бес жылда кемінде бес миллион қазақстандықты цифрлық технологияларжәне жасанды интеллектімен жұмыс істеуге үйретуді ұсынып отыр. Рауан Кенжеханұлының айтуынша, бұл жұмысты жүзеге асыруда цифрлық сервистерді қауіпсіз пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылады. Осылайша азаматтар жеке деректерін қорғаудың негізгі қағидаларын меңгереді.

Партияның ұстанымына сәйкес, заманауи технологияларды дамыту, халықтың цифрлық сауатынарттыру және жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы ғана қауіпсіз цифрлық білім беру ортасын қалыптастырып, Қазақстанды жаңаэкономика талаптарына бейімдеуге болады.

 

Дайындаған: 

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.