$ 453.26
€ 506.7
₽ 5.58

«Қоңыр дауысыңыз жүректерден орын алды»: Тоқаев Нұрлан Өнербаевқа арнайы хат жолдады

Редактор
05.11.2026, 08:56
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Тоқаев белгілі әнші Нұрлан Өнербаевты 65 жасқа толуымен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Нұрлан Өнербаевты 65 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Мемлекет басшысы өнер иесінің қазақ мәдениеті мен музыка өнерін дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Президенттің құттықтау хатын ведомство басшысы Арман Қырықбаев Астанада өткен кездесу барысында әншіге табыстаған. Мемлекет басшысы құттықтауында Нұрлан Өнербаевтың өзіндік орындаушылық мәнері мен қоңыр дауысы халықтың ықыласына бөленгенін атап өткен. Сондай-ақ оның ұлттық ән өнерін насихаттап, шығармашылық дәстүрді жалғастыруға және жас таланттарды тәрбиелеуге сіңірген еңбегіне тоқталған.

«Өзіңізге тән қоңыр дауысыңыз бен ерекше орындаушылық мәнеріңіз талғампаз тыңдарманның жүрегінен орын алды. Сіз дәстүр сабақтастығын сақтап, халық әндері мен белгілі композиторлардың таңдаулы туындыларын насихаттауға мол үлес қосып келесіз», – делінген Президенттің құттықтауында.

Қасым-Жомарт Тоқаев әншінің шығармашылық жолындағы жетістіктері мен шәкірт тәрбиелеудегі еңбегін де ерекше атап өтті.

«Ізденіске толы шығармашылық жолыңыз жемісті болып, талантты шәкірттер тәрбиеледіңіз», – деп жазылған құттықтау хатта.

Президент мерейтой иесіне зор денсаулық, отбасына амандық және еліміздің рухани-мәдени мұрасын байыту жолындағы қызметіне табыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау