$ 453.26
€ 506.7
₽ 5.58

«Арқадан қағып, шығарып салады»: Белгілі жазушы Лондонда оқып келген қызының елден жұмыс таба алмай жүргенін айтты

Редактор
04.11.2026, 14:35
коллаж: bairaqmedia.kz
коллаж: bairaqmedia.kz
Журналист қызының жұмысқа орналасу үшін әкесінің таныстығын пайдаланғысы келмейтінін атап өтті

Белгілі журналист Дәурен Қуат Ұлыбританияда жасанды интеллект саласы бойынша білім алған қызының Қазақстанға оралғаннан кейін жұмысқа орналаса алмай жүргенін айтты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Журналистің айтуынша, қызы Дариға Дәуренқызы Қазақстан-Британ техникалық университетін үздік бітіріп, «Болашақ» бағдарламасымен Лондондағы Queen Mary University of London университетінде магистратураны қызыл дипломмен аяқтаған. Елге оралған жас маман жасанды интеллект саласында жұмыс істеуді көздеп, бірнеше мекемеге, соның ішінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-на түйіндемесін жіберген. Алайда әңгімелесуден өткенімен, әзірге жұмысқа қабылданбаған.

«Шақыруын шақырады, сөйлеседі. «Білімің бар екен, тіпті көп білетініңді байқадық», деп арқаға қағып шығарып салады. Содан соң ләм-мим. Дыбыс жоқ», – деп жазды Дәурен Қуат.

Журналист қызының жұмысқа орналасу үшін әкесінің таныстығын пайдаланғысы келмейтінін атап өтті. Оның сөзінше, Лондондағы ғылыми жетекшісі Дариғаға Ұлыбританияға қайта оралып, PhD бағдарламасында оқуын жалғастыруды ұсынған. Алайда жас маман Қазақстанда қалып, елдегі жасанды интеллект саласын дамытуға үлес қосқысы келеді.

«Мен бұл постты қызым қызмет таппай жүр деп қана жазып отырған жоқпын. Әлемнің әйгілі жоғары оқу орындарында оқып келіп, туған Отанынан өгейлік көрген соң қайтадан шетел асып кеткен талантты, дарынды қарагөз балалардың жайын ойлап жазып отырмын», – деді журналист.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау