$ 453.26
€ 506.7
₽ 5.58

Президент Жолдауы: Отандық шығармашылық өнім Қазақстан мәдениетін әлемге танытуға мүмкіндік береді

Редактор
04.11.2026, 17:02
Gov.kz
Gov.kz
Креативті индустрияларды дамыту ішкі нарықпен шектелмейді

Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев креативті индустрияларды дамыту туралы баяндама жасады, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

«Креативті индустрияларды дамыту ішкі нарықпен шектелмейді. Қазақстандық шығармашылық өнімді шетелге таныту да – осы жұмыстың маңызды бөлігі. Кино, музыка, әдебиет, театр, дизайн және цифрлық контент халықаралық аудиторияға еліміздің мәдениетін, тарихы мен бүгінгі жетістіктерін таныстыра алады. Сыртқы нарықтағы орнымызды нығайту үшін отандық авторлар мен өндірушілерді қолдау, мамандардың білігін арттыру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту қажет. Қазақстандық жобалардың шетелдік фестивальдерге, көрмелерге және салалық жиындарға қатысуына жағдай жасау да маңызды. Ұлттық болмысты сақтай отырып, өнім өндіру мен оны танытудың заманауи тәсілдерін қолдану отандық контенттің сапасын арттырып, танымалдығы мен бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді», - деді Арман Қырыбаев.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау