$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59

Қазақстандық журналист Нью-Йорктегі әйгілі телеарнада басшылық қызметке тағайындалды

Редактор
04.11.2026, 10:08
Әлеуметтік желі
Әлеуметтік желі
Медиаменеджер Ринат Кертаев бұл жаңалықты қазақ медиасы үшін маңызды жетістік деп бағалады

Қазақстандық медиамаман Талғат Алманов АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Буффало қаласында орналасқан әйгілі ABC 7 телеарнасының жаңалықтар бөлімінде басшылық қызметке тағайындалды. Ол Executive Reporterқызметіне кіріскенін әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп хабарлады Bairaqmedia.kz.

Талғат Алманов жаңа қызметінде жаңалықтар бөлімінің жұмысын үйлестіріп, журналистермен және продюсерлермен тығыз байланыста жұмыс істейді. Сонымен қатар репортаждар әзірлеп, зерттеу журналистикасымен айналысуын жалғастырады.

«Жаңа қызметімде жаңалықтар бөлімінің жұмысын қадағалап, журналистер мен продюсерлермен тығыз жұмыс істеймін. Сонымен қатар, жаңалықтарымыздың мазмұнды, сапалы әрі көрерменге уақытылы жетуіне атсалысып қана қоймай, репортаждар әзірлеп, зерттеу журналистикасымен айналысуды жалғастырамын», дейді ол.

Медиамаманның айтуынша, оның басты міндеттерінің бірі – жаңалықтардың мазмұнды, сапалы әрі көрерменге уақытылы жетуіне үлес қосу.

Бұл жаңалыққа Хабар телеарнасының бұрынғы басшысы, медиаменеджер Ринат Кертаев та пікір білдірді. Ол америкалық телеарнаның жаңалықтар қызметіне басшылық ететін қазақ маманы туралы естімегенін айтып, Талғат Алмановтың жетістігін отандық медиа үшін қуанышты жаңалық деп бағалады.

«Енді біздің Talgat Almanov қазақ медиашежіресіне сондай тұлға ретінде еніп отыр. Нью-Йорктің әйгілі ABC 7 (Буффало) телеарнасында медиаменеджер қазақ бар деп қуанатын болдық», – деп жазды Ринат Кертаев.

Сондай-ақ ол отандық медиа саласында Талғат Алманов секілді әлемдік деңгейдегі мамандардың еңбегі лайықты бағаланбай жүргеніне өкініш білдіріп, оның болашақта АҚШ-тағы телеарналардың бірін басқаруға әлеуеті бар екенін атап өтті. Ал Талғат Алманов өзіне сенім білдірген басшылыққа алғыс айтып, жаңа міндетін абыроймен атқару үшін бар күшін салатынын жеткізді.

Бұл – шетелдік медиа кеңістікте қазақ мамандарының кәсіби әлеуетін танытатын маңызды жетістіктердің бірі.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау